Бүгін Сулейман Демирель атындағы Университеттің ректоры Давронжон Гаипов еліміздің Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу өткізді. Университетіміздің 25 жылдығы аясында өткен іс-шараға еліміздің белді басылымдарының тілшілері мен редакторлары, серіктес мекемелердің баспасөз хатшылары қатысты. Кездесу барысында СДУ ректоры университет туралы жан-жақты ақпарат беріп, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Мадияр Саудбаев «Журналистика» білім беру бағдарламасы жайлы кеңінен мәлімет берді.
Сулейман Демирель атындағы Университет әрдайым БАҚ өкілдерімен ашық қарым-қатынасты бағалайды.
27.11.2021