Бүгін Alatau Hub креативті коворкинг орталығында Сулейман Демирель Университетінің білім беру, шығармашылық және инновация орталығының ресми ашылуы өтті. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыға ресми сапарының аясында ашылған орталық үш негізгі бағытта қызмет көрсететін болады:
– Қала және аудандағы мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлық жұмыстарын жүргізу,
– Университет Технопаркінде жұмыс жасап жатқан жобаларды жүзеге асыру,
– Университетіміздің Үздіксіз білім беру орталығы тарапынан ересектерге арналған кәсіпкерлікке баулу, ағылшын тілі, цифрлық сауаттылық сияқты курстарды ұйымдастыру.
Білім беру, ғылыми ізденіс және әлеуметтік жауапкершілік бағыттарында дамуды ұстанатын университетіміз үшін бұл жобаның орны ерекше.
19.11.2021