Сулейман Демирель атындағы Университет қабырғасында Біліктілікті арттыру және Инновация орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Университетімізге арнайы келген қонақ Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай СДУ ректоры Давронжон Гаипов ашылу рәсіміне қатысып, орталықтың тұсауын кесті.
Біліктілікті арттыру және Инновация орталығы мектеп, жоғарғы оқу орындары мен жалпы білім беру ошақтарындағы мамандардың біліктілігін көтеруде семинар-тренингтерді ұйымдастырып, инновациялық жобаларды жасаумен айналысады. Орталықтың жұмысы төрт бөлімнен тұрады. Атап айтсақ, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі, Жалпы орта білім беру және ЖОАК бөлімі, Педагогикалық қайта даярлау бөлімі, Қашықтан оқыту бөлімі жұмыс істейді.
11.11.2021