Университетімізге Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гүлмира Қанай бастаған арнайы делегация қонаққа келді. Делегация құрамында Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Жұмақұлов Закир Даниярұлы, Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Рысбекова Жанар Қасымбекқызы, Ректор кеңсесінің жетекшісі Иманбаев Ермек Рысмұханбетұлы болды. Келудегі мақсаты Сулейман Демирель атындағы Университеттің оқу жүйесімен танысу, білімгерлерге жасалған жағдайды көру, оқытушылық құраммен тәжірибе алмасу. Сонымен қатар, делегация мүшелері Біліктілікті арттыру және Инновация орталығының ашылу салтанатының қадірлі қонағы болды.
Арнайы келген қонақтар мен СДУ басшылық құрамы арасында ой-пікір алмасып, екі университетте оқытылатын білім бағдарламалары, профессорлық оқытушылық құрам жұмысының маңыздылығы, IT бағытындағы болашақ жобалар, клубтар жұмысы, тәрбие жұмыстары саласындағы тәжірибе алмасу, халықаралық серіктестік бағытында бірлесіп жұмыс жасау және осы салалардағы болашақ серіктестік туралы сөз болды.
11.11.2021