Математикадан халықаралық олимпиадаға қатысуға шақырамыз

Математикадан халықаралық олимпиадаға қатысуға шақырамыз

Барлық мектеп оқушыларын Online International Math Challenge (IMC) Математикадан халықаралық олимпиадаға қатысуға шақырамыз.
Бұл олимпиада математика олимпиадалардың ішінде әлемдегі танымал сайыстардың қатарына кіреді. Былтырғы жылы жарысқа әлемнің 70 елінен 1500 аса оқушы қатысты. Биылғы жылы Сулейман Демирель атындағы Университет олимпиаданың серіктесі болып отыр. Ең үздік қатысушылар мен жеңімпаздарға математика және тіл курстары, әлемнің 5 елінің университеттерінде оқу гранттары мен жеңілдіктері ұсынылады.

North American University (АҚШ), Paragon International University(Камбоджа), Vistula University (Польша), Rangsit University (Тайланд) and Suleyman Demirel University (Қазақстан) олимпиада жеңімпазына өз қабырғасында білім алуға мүмкіндік береді.
Олимпиада бес санат бойынша өтеді: Балалар (6, 7, 8 нас, 1, 2, 3 сынып) 1-ші санат (9, 10 жас, 4, 5 сынып), 2-ші санат (11, 12 жас 6, 7 сынып), 3-ші санат (13, 14 жас, 8,9 сынып) 4-ші санат (15, 16 жас, 10,11 сынып).

Олимпиада бес тілде өтетін болады: тай, қытай, ағылшын, орыс және испан тілдері.
Қатысушылар сайыс ережелерімен келесі сілтемемен өтіп таныса алады https://mathchallenge.in.th 
Қатысуға өтініш беру үшін соңғы күн: 30 қазан

19.10.2021

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: