SDU Open (ICPC) чемпионатының жеңімпаздары анықталды

SDU Open (ICPC) чемпионатының жеңімпаздары анықталды

Сулейман Демирель атындағы Университет пен «Транстелеком» АҚ ұйымдастырған SDU Open (ICPC)  чемпионаты аяқталды. Бірінші орынды Алматы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері Абай Баймұқанов, Айбар Қуанышбай және Төрежан Ботақанов иеленді. Екінші және үшінші орындарды өзара 5 команда бөлісті. Жарысқа барлығы 745 адам қатысты. Бес сағат ішінде студенттер логика, стратегияға қатысты түрлі есептерді шешіп, жылдамдыққа жұмыс істеді. Жеңімпаз чемпионат барысында жинаған ұпай саны бойынша анықталды. Чемпионаттың басты демеушісі Huawei компаниясы болды.

“Мақсатымыз IT-саланы дәріптеу ғана емес, сонымен қатар студенттерге қолдау көрсету. Турнир жеңімпаздары ерекше шеберлігі мен логикасын көрсете алды. Олар компания атынан ай сайынғы стипендияға ие болды”, – деп атап өтті “Транстелеком” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Минавар.

“Биыл чемпионат университеттің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл іс-шараның мақсаты – бағдарламалау жанкүйерлеріне өз күшін сынауға мүмкіндік беру және жаңа таланттарды ашу. Бұл бағыт Қазақстанда өте белсенді дамып жатыр, сондықтан чемпионат IT студенттерінің кездесу алаңына айналады деп үміттенемін”, – деді СДУ Академиялық істер жөніндегі проректоры Андрей Богданчиков.
Айта кетсек, жүлде қоры 10 миллион теңгені құрады. Сонымен қатар чемпионат жеңімпаздары “Транстелеком”-нан тәжірибеден өтіп, кадр резервіне кіре алады.

18.10.2021

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: