Бүгін СДУ-ға Назарбаев Зияткерлік мектептері «Даму қоры» корпоративтік қорының директоры Нәзипа Аюбаева бастаған делегация келді. Қонақтарды СДУ ректоры Давронжон Гаипов қарсы алып, университетіміздің мүмкіншіліктері мен білімгерлеріміздің оқу барысы жайлы толық ақпарат берді. Кездесу барысында тараптар өзара әріптестік танытуға және білімгерлер үшін нәтижелі жұмыс атқаруға келісім жасасты. Сонымен қатар, СДУ-ға арнайы келген делегация мүшелері университетімізде оқитын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектерімен кездесті.
15.10.2021