Ұстаздар күні қарсаңында Сулейман Демирель атындағы Университет ұжымы Шарын шатқалына саяхаттап қайтты. Жылына төрт рет ұйымдастырылатын іс-шараның мақсаты ұжымдық ауызбіршілікті, командалық рухты көтеру, әріптестер арасындағы қарым-қатынастың дамуына септігін тигізу болатын. Биылғы жаңа оқу жылының алғашқы ұжымдық саяхатында қатысушыларға түрлі ойындар, әдемі фото түсіру байқауы, топтық жарыстар ұйымдастырылды. Еліміздің сұлу табиғатын тамашалап қайтқан СДУ қызметкерлері жақсы көңіл-күймен оралды.
