Университетімізге Маңғыстау облысының Білім басқармасы және білім мекемелерінен қонақтар келді. Қонақтар қатарында Маңғыстау облыстық Білім басқармасының Әдістемелік орталығының директоры Тұрлан Зейнет, Ақтау қалалық Білім бөлімі басшысы Тұрғанбаева Бағдат, “Достық-Ақтау” білім беру орталығының директоры Алсейтов Нұрболат, “Тест-Ақтау” тест орталығының директоры Бултириков Дидар болды. СДУ ректоры Давронжон Гаипов арнайы келген қонақтармен мұғалімдердің біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар, орта білім сапасын көтеруге байланысты жобалар туралы ой-пікір алмасты. 11.10.2021
