Педагогикалық қайта даярлау жөнінде толық ақпарат

Педагогикалық қайта даярлау жөнінде толық ақпарат

TEFL бағдарламасының координаторы Арман Арғынбаевпен сұхбат

Педагогикалық қайта даярлау дегеніміз не және бұл бағдарлама кімге арналған?

Педагогикалық қайта даярлау бағдарламасы педагогикалық білімі жоқ, бірақ мектептерде сабақ бергісі келетін адамдарға арналған. Біз мектептерде мұғалімдердің тапшылығы әлі де бар екенін білеміз (бұл мұғалімдердің тапшылығы жоғары айтмақтарға қатысты – информатика мамандары, физика инженерлері және т.б.). Сонымен қатар, мұғалім мамандығы соңғы кезде жақсы мансаптық мүмкіндіктерді білдіреді. Бұл бағдарлама PGCE қазақстандық аналогы болып табылатын зияткерлік өнім.

Бұл бағдарламаға кім қатыса алады? Таңдау критерийлері бар ма?

Бағдарламаға тиісті мамандық бойынша жоғары білімі бар адамдар жазыла алады.

Ағылшын тілін білетіндігін растайтын сертификаттың болуы қажет, кем дегенде А2 деңгейі. Сертификат болмаған жағдайда, өтініш беруші СДУ-да ағылшын тілінен тест тапсырады. Бағытын таңдауға ерекше назар аударған жөн (олардың саны – 7). Айталық, инженер қазақ тілі немесе биология пәні мұғалімдерін даярлау бағдарламасына кіре алмайды. Бағдарлама барысында студенттер негізгі теориямен айналыспайды, басты назар пәннің өзіне және оны оқыту әдістеріне аударылады. Мысалы: биологияны оқытудағы бар қиындықтар, биология пәні бойынша барлық мектеп бағдарламасы, оқытудың интерактивті әдістері және т.б. Яғни, бағдарламаға ену үшін адам биология негіздерін білуі керек.

Тренинг қанша уақытты алады? Форматы қандай? Басқа қалада тұратын адамдардың қатысуға мүмкіндігі бар ма?

Оқу мерзімі – 6 ай.

Тренинг аралас форматта өтеді. Бағдарламаның көп бөлігі онлайн режимінде өтеді. Студенттер университетке бағдарламаның басында (1-14 қараша), ал ортасында (10-17 қаңтар), сондай-ақ 28-31 наурызда аттестаттауға келуі керек. Жоғарыда көрсетілгендей, бұл күндер мектеп демалысына сәйкес таңдалынған.

Нәтижесінде қандай сертификат беріледі?

Бағдарлама сәтті аяқталғаннан кейін, тыңдаушыларға мектепте мұғалім болып жұмыс істеуге құқық беретін мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі.

Осы курстардан өткен маман үшін қандай перспективалар бар?

Бірінші кезекте, бағдарлама тыңдаушыларға педагогика бойынша білім қорын меңгеруге мүмкіндік береді. Курс барысында тыңдаушылар орта білім беру орындарында тиімді оқытуға мүмкіндік беретін педагогикалық компоненттерге назар аудара алады.

Сонымен қатар, курс тыңдаушыларға орта оқу орындарында тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Бағдарлама аяқталғаннан кейін тыңдаушылар оқыту тәжірибесіне ие болады және теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алады.   

Курс тыңдаушыларын күтетін ең үлкен перспектива – бұл қызмет саласының өзгеруі. Бағдарлама аяқталғаннан кейін, берілген Сертификат мектепке мұғалім ретінде жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Осылайша, сабақ бергісі келген және оған мүмкіндіктері жоқ басқа сала мамандары қажетті педагогикалық дағдыларды игере алады.

Реквизиты

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: