Сулейман Демирель атындағы Университетке «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының басшылығы арнайы қонаққа келді. Университетпен танысуға келген қонақтарды СДУ ректоры Давронжон Гаипов пен проректор Андрей Богданчиков қарсы алып, СДУ-дың білімгерлерге жасалған барлық мүмкіндіктерімен таныстырып шықты. Кездесеу барысында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Нуркешов Тимур Сейтқажыұлы өз тарапынан алдағы жоспарларындағы республикалық олимпиадаларды бірігіп өткізуге ұсыныс жасады. Екі тараптан келіссөздер жүргізіліп, әріптестік бағытта қарым-қатынас орнатуға уәделесті. 5.10.2021
