Ұлттық тестілеу орталығы мен СДУ меморандумға қол қойды

Ұлттық тестілеу орталығы мен СДУ меморандумға қол қойды

Ұлттық тестілеу орталығы мен Сулейман Демирель атындағы университет арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Университетімізге Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Руслан Тоқтарбекұлы Емелбаев, Ұлттық тестілеу орталығының Алматы қаласы бойынша филиалының жетекшісі Жандос Жұмалбекұлы Құмғанбаев мен Ustudy Kazakhstan білім орталығының өкілі Маржан Бесенлевқызы Смятова келді.

Кездесу барысында СДУ тарапынан жыл сайын мектеп оқушыларының арасында ұйымдастырылатын SPT олимпиадасының ережелері туралы, аймақтағы тест орталықтарымен ынтымақтастық мүмкіндіктері, ҰБТ, магистратура және докторантураға түсу емтихандарының құрылымы сөз болды.

Нәтижесінде Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Тоқтарбекұлы Емелбаев мен Сулейман Демирель атындағы университеттің ректоры Давронжон Гаипов екі мекеме арасында ұзақ мерзімді өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

26.09.2021

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: