Сулейман Демирель атындағы Университеттің Академиялық мәселелер бойынша кеңесшісі София Бат студенттер мен қызметкерлерге арналған төмендегі тақырыптар бойынша семинарларды сәтті бастағанын хабарлаймыз:
- Дублин дескрипторлары, БББ паспорты, дағдылар мен құзыреттіліктер;
- ECTS оқыту нәтижелері – БББ паспорты мен сипаттамалар;
- Бағалау, ауыспалы дағдылар – өмір бойы оқу жүйесі;
- Инклюзивті білім беру;
Семинардың негізгі мақсаты – ECTS құжаттамасын қарау және СДУ-дағы қолданыстағы БББ паспорты мен курстық сипаттамаларды өзгерту болып табылады.
Сондай-ақ, білім беру сапасын арттырып, жаңа технологиялар мен инновацияларды СДУ-ға енгізу жоспарланып отыр.
17.09.2021