СДУ докторанты “Жас ғалым” байқауында 2-ші орынды иеленді

СДУ докторанты “Жас ғалым” байқауында 2-ші орынды иеленді

Сулейман Демирель  атындағы Университеттің “Компьютерлік ғылымдар” мамандығы бойынша доктаранты Аймөлдір Алдаберген жастардың ғылыми-инновациялық жобаларын таныстыруды көздейтін “Жас ғалым” байқауына қатысып, екінші орынды иеленді. Отыздан аса жас ғалым қатысқан байқауды  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында аймақтағы жастардың бастамаларын қолдауға және олардың ғылыми әлеуетін арттыру мақсатында Алматы облысы Жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.

Аймөлдір Алдабергеннің жеңіс әкелген жобасы инклюзивті білім беру ұйымдарының жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Өзінің айтуы бойынша, дислексиямен ауыратын балаларға арналған анимациялық генератор алгоритмін құру жобасын бастау туралы идея ол СДУ-ға докторантураға түскен жылы пайда болған.

Айта кетейік, білім беру жүйесіне осындай маңызды және қажетті жобаны енгізу осы саладағы технологиялық инновацияның жүгін айтарлықтай жеңілдетеді.

9.09.2021

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: