Сулейман Демирель атындағы Университеттің барша білімгерлерін 1 қыркүйек Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әрқайсыларыңыз үшін осы өтпелі кезеңде сапалы білім алу қаншалықты қиын екенін түсінеміз. Алайда дағдарыс болашақты жоспарлау қажеттілігін жоймайды. Барлығымыздың алдымызда тұрған басты міндет – таңдаған мамандық бойынша лайықты білім алып, өз ісінің кәсіби шебері атану.
Еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты оқу үдерісін аралас, яғни офлайн және онлайн форматта өткізуге мәжбүрміз. Барлық қиындықтарға қарамастан сіздердің болашаққа сенімді жетелейтін айқын бағытта дамуларыңыз маңызды.
Көпшілік жерде, университет кампусында бүгінгі өмірдің ажырамас тәртібіне айналған санитарлық нормаларды сақтау, вакцинациядан өту туралы таңдау жасау денсаулықтарыңыз үшін маңызды екенін айта кеткім келеді. Біз үшін әрқайсыңыздың амандығыңыз маңызды.
Сіздерді тағы да жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, толағай табыстар тілеймін!
Құрметпен,
СДУ ректоры
Давронжон Гаипов.
1.09.2021