СДУ делегациясы Нұр-Сұлтан қаласына іссапармен барды

СДУ делегациясы Нұр-Сұлтан қаласына іссапармен барды

Сулейман Демирель атындағы Университеті Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары факультетінің оқытушыларынан құралған делегация мүшелері Нұр-Сұлтан қаласына іскерлік кездесумен іссапарға барды. Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бірнеше білім-ғылым мекемелерін аралап, әріптестік қарым-қатынасты дамыту мақсатында келіссөздер жүргізілді. Атап айтсақ, Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Astana IT Университеті, Нәрікбаев атындағы Университет, сондай-ақ, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығы мен «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК ғимаратына барды.

Іссапардың негізгі мақсаты Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖОО-дағы Математика кафедраларымен бірлестікті арттыру, студенттік алмасу бағдарламаларын дамыту, мұғалімдер арасында тәжірибемен бөлісу, семинарлар ұйымдастыру және басқа оқу бағдарламаларындағы математика сабақтарының кестесін талқылау болатын.

Іссапар барысында «КазГидромет» РМК мен «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК-ның өкілдерімен кездесіп, СДУ студенттерінің Beta Career бойынша аталған мекемелерде жұмыс істеп, өндірістік тәжірибеден өтуі бойынша ынтымақтастық байланыстар орнатылды.

Сондай-ақ, СДУ оқытушылары «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының мұғалімдерімен қашықтан оқыту бойынша тиімді шешімдерді талқылап, студенттерді олимпиадаларға дайындау бойынша тәжірибе алмасып, ой бөлісіп қайтты.

1.09.2021

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: