Сулейман Демирель атындағы Университеті Ғылыми зертеулер жөніндегі проректоры қызметіне Санат Қожахмет тағайындалды.
Санат Темірғалиұлы Сулейман Демирель атындағы Университеттің бакалавриатын тәмәмдап, Ұлыбританиядағы Лидса университетінде “Адам ресурстарын басқару” мамандығы бойынша магистратура мен Малайзиядағы Малайя университетінде “Білімді басқару” мамандығы бойынша докторантураны бітірген. “Болашақ” бағдарламасының түлегі.
2011-2018 жылдар аралығында СДУ Бизнес мектебінде “Менеджмент” және “Маркетинг” бағдарламаларының кординаторы қызметін атқарған. 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Нархоз университетінде Профессор-зертеуші болып жұмыс істеді.
Халықаралық журналдарда 10 шақты мақалалары мен ғылыми еңбектері жарияланып, бір авторлық кітабы жарық көрді.
Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.
25.08.2021