2021 жылғы 18 тамызда Сулейман Демирель атындағы Университеті Педагогика және гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы қызметін атқарған Жүсіпбек Талғат Зыпарбекұлы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі Басқарма мүшесі-проректоры қызметіне тағайындалды. Талғат Зыпарбекұлы «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ұлыбританияның Шеффилд университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша докторонтураны тәмәмдаған.
Талғат Зыпарбекұлына университетіміздің білімгерлеріне білім мен тәлім-тәрбие беру жолында атқарған қажырлы еңбегі мен жұмсаған күш жігері үшін алғыс айтып, алдағы қызметін абыроймен атқаруына тілектеспіз.