Сулейман Демирель атындағы Университет 2021-2022 оқу жылындағы оқу форматы туралы нақты бекітілген ақпаратты хабарлайды. Елдегі пандемиялық жағдайға байланысты санитарлық нормаларға сәйкес оқу үдерісін ұйымдастыру мақсатында:
1 курс білімгерлерінің басым көпшілігі 18 жасқа толмағандықтан және жалпы білім беретін пәндердің басым болуына байланысты күзгі семестр ОНЛАЙН/ОФЛАЙН форматта өтеді;
2-3 курс білімгерлерінің екпе алуға мүмкіндігі барын ескере отырып күзгі семестр ОФЛАЙН форматта өтеді;
4 курс бітіруші курстар үшін күзгі семестр ОНЛАЙН/ ОФЛАЙН форматта өтеді.
Университет қабырғасына кіру Ashyq мониторинг жүйесі арқылы рұқсат етілген тұлғаларға жүзеге асырылады.