2021 жылғы 10-11 қыркүйекте ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Бектұр Сембиұлы Байжановтың 70 жылдық мерейтойына арналған “Математикалық логика және математиканың сабақтас мәселелері” атты халықаралық конференция өтеді.
Басталуы: 8.00 (Гринвич уақыты, GMT + 0) = 14.00 (Нұр-Сұлтан уақыты, GMT + 6) математикалық логика, алгебра, геометрия және дифференциалдық теңдеулер бойынша 12 пленарлық баяндама ұсынылады.
Ұйымдастырушылар: Математика және математикалық модельдеу институты (Алматы), Сулейман Демирель атындағы Университеті (Қаскелең) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика -математика факультеті (Алматы қ.).
Толық ақпаратты осы сілтемеге кіру арқылы біле аласыздар.