Сулейман Демирель атындағы Университеттің оқытушысы Жайнагүл Мұратқызы ТМД-ның 30 жылдық мерейтойына орай “Bilim orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен “ТМД-ның үздік педагогы-2021” атты халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды. Байқауға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан т.б. елдерден 300-ден аса педагог қатысқан. Іс-шара нәтижесінде үздік деп танылған 114 педагогтың өмірбаяндары енгізілген жинақ жарық көрді.
