СДУ жазғы мектептің екінші бөліміне шақырады

СДУ жазғы мектептің екінші бөліміне шақырады

2021 жылғы 23-27 тамыз аралығында Сулейман Демирель атындағы Университетінің ұйымдастыруымен COVID-19 өзгерістерінің аясында менеджмент және әлеуметтік дағдылар, педагогика және психология модульдерін қамтитын “СДУ Жазғы Мектеп-2021: Жаңа норма (The New Normal)” тақырыбында 72 сағаттық вебинар өтеді.

Жазғы мектептің екінші бөлімінің мақсаты: КОВИД-19 әсерінен енгізілген өзгерістерді негізге ала отырып, дәстүрлі оқытуға көшу жағдайында ЖОО мұғалімдерінің оқыту үдерісін басқару, әлеуметтік дағдыларын дамыту және педагогика мен психология тұрғысынан жаңа оқу жылы басталғанға дейін аталған тақырыптарда ой-өрістерін кеңейтіп, арнайы практикалық құралдармен қамтамасыз ету.

Вебинар спикерлері Еуропа және Оңтүстік Азия елдерінде ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар доктор және профессор-оқытушылар мен Назарбаев, Астана IT, Сулейман Демирель атындағы Университеттерінің профессор-оқытушылары және психолог мамандар болады.

Тіркелу сілтемесі: https://tinyurl.com/summerschoolaugust

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: