СДУ педагогика бойынша қайта даярлау бағдарламасын бастамақ

СДУ педагогика бойынша қайта даярлау бағдарламасын бастамақ

Енді педагогикалық емес бағытта білімі бар азаматтар 4 айдың ішінде қайта даярлаудан өтіп, орта білім жүйесінде білім бере алады.
Сулейман Демирель Университетінің бірегей бағдарламасы басқа сала бойынша жоғарғы білім алып, педагогикалық бағытқа ауысқысы келетін мамандарға осы мүмкіндікті ұсынбақ.
Мәселен,
– аударма ісі, халықаралық қатынастар, лингвистика мамандары шет тілі мұғалімі;
– инженер-физик; физик-механик; жылу энергетикасы, мұнай және газ ісі, электр энергетика мамандары, машинист, ұшқыштар физика мұғалімі;
– химия және биология, медицина мамандары, фармацевт, ветеринар, экологтар химия және биология пәндерінің мұғалімі;
– математика мен статистика мамандары; экономистер; қаржыгерлер мен ақпараттық бағдарламалау саласының мамандары математика мұғалімі;
– физик,математик,компьютерлік инженерия мамандары информатика пәнінің мұғалімі мамандықтарын игере алады.
Бағдарлама барысында жоғары деңгейдегі педагогкалық кәсіби дағдыларды дамыту, инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеру, белсенді оқыту әдістерін үйретпек.
Бағдарламаға қатысушылар үшін СДУ ұсынатын мұғалімдерге арналған заманауи оқыту әдістемелері туралы семинарлар тегін қол жетімді.

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: