СДУ экономика және қаржы бойынша AIFC Олимпиадасының жеңімпазына оқуға грант берді

СДУ экономика және қаржы бойынша AIFC Олимпиадасының жеңімпазына оқуға грант берді

2018 жылдан бастап 9-11 сынып оқушылары арасында AIFC қаржы-экономикалық олимпиадасы өткізіліп келеді. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар – математика мен ағылшын тілін жетік білу.
Биыл Сулеймен Демирель атындағы Университеттің 100% оқу гранты олимпиаданың алтын жүлдегері Кенжеғали Данатқа бұйырды.

Биылғы жылы олимпиада онлайн режимінде өтті, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен барлығы 9-10/11 сыныптардың 120 оқушысы қатысты.

 Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Алтын медальдар 4 қатысушыға, күміс – 6 және қола – 8 қатысушыға берілді.

2021 жылғы 21 шілде мен 1 тамыз аралығында онлайн-форматта өтетін Халықаралық экономика олимпиадасында (International Economics Olympiad) 5 оқушы Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: