Мемлекеттік гранттарға құжат тапсыру басталды

Мемлекеттік гранттарға құжат тапсыру басталды

2021 жылғы 16 шілдеден бастап Сулейман Демирель атындағы Университеттің қабылдау комиссиясы мемлекеттік грантқа құжат қабылдауды бастады. Яғни, мемлекеттік білім беру гранттарына ие болғысы келетін үміткерлер 16-25 шілде аралығында  Egov.kz  электронды үкімет порталы арқылы онлайн немесе университетімізге келіп офлайн құжат тапсыра алады.

Мемлекеттік грант – бұл сіздің жоғары білім алуыңыз үшін мемлекеттен бөлінетін қаржыландыру. Гранттарды тек қана ҚР Білім және ғылым министрлігі бөледі, ал университеттер тек қана сіздің грант конкурсына қатысуыңыз үшін құжат қабылдайды.

СДУ төмендегі тізім бойынша бакалавриат бағдарламасына талапкерлерді қабылдайды:

МАТЕМАТИКА – ФИЗИКА

6B06101 Ақпараттық жүйелер
6B06102 Компьютерлік ғылымдар
6B06103 Математикалық және компьютерлік модельдеу
6B05401 Математика (ғылыми)
6B01503 Физика-Информатика
6B01501 Математика (педагогика)

ХИМИЯ – БИОЛОГИЯ

6B01502 Химия-Биология

БИОЛОГИЯ – ГЕОГРАФИЯ

6B01101 Педагогика және психология
6В01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

6B01701 Қазақ тілі және әдебиеті
6В02304 Қолданбалы филология

АДАМ. ҚОҒАМ. ҚҰҚЫҚ – ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ

6B04201 Құқық
6B04202 Халықаралық құқық

МАТЕМАТИКА – ГЕОГРАФИЯ

6B04104 Қаржы
6B04103 Есеп және аудит
6B04101 Экономика
6B04105 Диджитал маркетинг
6B04102 Менеджмент

АҒЫЛШЫН ТІЛІ – ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ

6B01702 Шет тілі: екі шет тілі
6B02302 Аударма ісі
6B03101 Халықаралық қатынастар

ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ – ГЕОГРАФИЯ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

6B03201 Мультимедиа және Тележурналистика

Талапкерлер өткізетін қажетті құжаттар тізімі:

Жеке куәлік көшірмесі;

№075 формасындағы медициналық анықтама және флюорография;

Ағылшын тілі деңгейін растаушы IELTS / TOEFL / SDU CEC ceртификаты (бар болған жағдайда) немесе ағылшын тілі емтиханының нәтижесі (СДУда тапсырылады); 

3×4 өлшеміндегі фотосурет (6 дана);

Аттестат немесе орта білім туралы диплом және олардың транскрипті;

ҰБТ сертификаты (электрондық нұсқасы);

Мемлекеттік грант сертификаты (бар болса);

Арнаулы емтихан нәтижесі (педагогикалық мамандықтарға түсушілерге);

Факультет өкілімен өткізілген сұхбат нәтижесі (колледж түлектері үшін);

Шығармашылық емтихан сұрақтары келесі сілтемеде;

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: