2021 жылғы 8 шілдеде Сулейман Демирель атындағы Университеті Инженерлік және жаратылыстану факультетінің деканы болып Азамат Жаманов тағайындалды.
Азамат Маратұлы Computer Science бағыты бойынша СДУ-дың бакалавриаты мен магистратурасын, International Black Sea University (Грузия) докторантурасын және Жоғары білім берудегі көшбасшылық бағыты бойынша Назарбаев Университетінің магистратурасын бітірген.
2008 жылдан бастап Сулейман Демирель атындағы Университетте оқытушы болып жұмыс істеді, ғылыми жұмыстармен айналысып, Компьютер ғылымдары кафедрасын басқарды. Сондай-ақ, Cisco желілік академияларын қолдау орталығының жетекшісі болды.
Азамат Маратұлына алдағы қызметінде сәттілік тілейміз!