2021 жылғы 7 шілдеде СДУ Оқу және ғылыми істер жөніндегі проректоры қызметіне Андрей Богданчиков тағайындалды.
Андрей Владимирович Сулейман Демирель атындағы Университеттің бакалавриат, магистратурасы мен докторантурасын Computing systems and Software бағытында бітірген, Data Science бойынша білікті маман.
Оның жауапкершілігіне ғылыми процесстерді қадағалау және факультеттердің, ғылыми бөлімдер мен ғылыми кітапхананың жұмысын академиялық қолдау кіреді.
Андрей Владимировичтің жаңа қызметте толағай табыстар мен алға қойған мақсаттарға жетуіне тілектеспіз.