609952-EPP-1-2019-1-RS-EPPKA2-CBHE-JP / «HE and VET alliance establishment according to Bologna Principals implementation via VET teachers’ capacity building», «Нархоз университеті», Сүлейман Демирел атындағы университет, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінен тұратын ALLVET «Болон процесі қағидаттары мен жоғары және орта-кәсіптік білім берудің тиімді альянсы негізінде ТжКБ жүйесіне құзыреттілік тәсіл трансфері» жобасының консорциумы 2021 жылдың 22, 23 маусымында Қазақстанның колледждері мен университеттерінің өкілдеріне екі күндік тренинг өткізді.
Тренингтердің мақсаты-қатысушыларды құзыреттілік пен оқыту нәтижелері негізінде білім беру бағдарламалары мен курстарын құруда Тюнинг әдіснамасының негіздерімен, ECTS/Tuning жұмысының артықшылықтарымен таныстыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының колледждері арасында ALLVET жобасының нәтижелерін тарату, ҚР колледждері мен университеттерінің өкілдерін оқу курстарын әзірлеу кезінде қолданылатын арнайы ағылшын терминологиясымен, сондай-ақ Moodle онлайн-оқыту платформасымен жұмыс істеу кезінде оқыту. Біздің университеттен тренингтерге Ерғалиева Аида және Нұрметов Дияр өз үлестерін қосты. Ерғалиева Аида Болон процесі туралы таныстыру презентациясын өткізді, ал Нұрметов Дияр оқу процесіндегі әртүрлі құзыреттер туралы айтып берді. Тренингтердің жұмысына Крагуевац университетінен, Чачак қ., Сербия және Деусто университетінен, Испания жобасының үйлестірушісі, сондай-ақ консорциумның қалған екі мүшесінің оқытушылары қатысты.
Тренингтердің тыңдаушылары консорциум университеттерінің өкілдері, келесі колледж өкілдері болды: Нархоз университетінің экономикалық колледжі, Астана Халықаралық университетінің колледжі, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі, Алматы менеджмент университеті колледжі, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Сервис және менеджмент колледжі, Алматы қаласының автомеханикалық колледжі, Орталық Азия техникалық-экономикалық колледжі.