1 шілдеден бастап Сулейман Демирель атындағы Университет ресми түрде “Ashyq” қосымшасын енгізді. Университет кампусына кіру үшін талапкерлер, олардың ата-аналары, білімгерлер мен қызметкерлердің COVID-19 статусы тексерілуі міндетті. Статус QR-код арқылы тексеріледі, ол үшін смартфоныңызда өзіңіздің ЖСН көрсетілген “Ashyq”, “HALYK Homebank” немесе Kaspi.kz қосымшалары орнатылуы тиіс.
Университет кампусына тек жасыл және көк статусы бар азаматтардың кіруіне рұқсат.