2021 жылдың Жазғы мектебі 14-18 маусым аралығында ZOOM платформасында зерттеушілер, профессорлар және мультимәдени тәжірибесі бар оқытушылардың қатысуымен өткізілді.
Вебинарлар барысында талқыланған семинар тақырыптары: оқу үрдісінде адалдық пен өзара сыйластықты қалыптастыратын басты құндылық ретінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету; Қазақстан контекстінде ғылыми зерттеулердің мүмкіндіктері, университетте инклюзивті білім беру, оқытушыларды басқару дағдыларына үйрету және жұмыс орнындағы келіспеушіліктерді шешу, студенттердің эмоцияларын түсіну, жақсы қарым-қатынас орнату және шешімдер қабылдаудың тиімді тәсілдерін қамтамасыз ету, оқытушылардың құқықтары мен міндеттері.
Екі бөлім аяқталғаннан кейін қатысушылар 72 сағаттық сертификатпен марапатталады.