Сулейман Демирель атындағы Университетпен танысуға Шымкент қаласындағы орта мектептерде оқитын жоғарғы сынып оқушыларының ата-аналары келді. Он бес шақты ата-ананың келудегі мақсаты СДУ-да оқытылатын мамандықтар жайлы, оқуға түсу жолдары мен білімгерлерге жасалған барлық жағдаймен танысу. Мектеп бітіруші түлектер үшін дәл қазіргі уақытта жоғарғы оқу орны мен мамандық таңдау қиындық туғызуы мүмкін. Біз өз тарапымыздан әрбір оқушыға, олардың ата-аналарына және СДУ- ға қызығушылық танытқан түлектерге есігіміз әрдайым ашық екенін айтқымыз келеді. Бізге келіп, маманықтармен танысып, ғимаратты аралап көрулеріңізге болады. Тек санитарлық нормаларды сақтасаңыз болғаны. Барлық сұрақтар бойынша +7 702 000 11 33 нөміріне хабарласа аласыздар.