21-25 маусым аралығында Сулейман Демирель атындағы Университеттің 25 жылдық мерейтойы қарсаңындағы бітіруші түлектеріне диплом табыстау кештері өтуде.
Түлектерге диплом беру салтанатты рәсімін СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев өзінің ақжарма тілегімен ашып, болашақ өмірлеріне қажетті кеңестерімен бөлісуде.
Былтыр осы маңызды күнді пандемияға байланысты онлайн өткен еді, ал биыл еліміздегі эпидемиялық жағдай жақсарып, магистр және бакалавр дәрежесін игерген түлектерге дипломдарын қолдарына табысталып жатыр.
Санитарлық нормаларды сақтау мақсатында, іс-шараға қатысушылардың барлығынан ПЦР тест тапсыруды талап етіліп, ал түлектердің ата-аналары және туыстары салтанатты іс-шараны тек тікелей эфирден көре алады.
Айта кетейік, биыл Инженерлік және жаратылыстану ғылымдары, Құқық және әлеуметтік ғылымдар, Педагогика және гуманитарлық ғылымдар және СДУ Бизнес мектебі факультеттері бойынша бітіруші 888 түлектің 90-ны үздік дипломға оқуларын тәмәмдады.
