2021 жылғы 10 маусымда СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жаңа тағайындалған ректоры Гүлмира Қанаймен кездесті. Кездесу барысында академиялық серіктестік, оқыту технологиялары саласындағы коллаборация және т.б. салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Қуаныш Асылханұлы алдағы жұмысына табыс, сарқылмас өмірлік қуат, даму мен өркендеу, тұрақтылық, жаңа жетістіктер және Қазақстанның игілігі үшін және жоғары білікті мамандарды даярлау жөніндегі білім беру міндеттерін шешуде табыс тіледі!