2021 жылғы 8 маусымда Сулейман Демирель атындағы Университетпен танысуға «IQanat білім беру қоры» ұйымдастырған интенсив лагерінің 100 қатысушысы қонақта болды.
Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі ауыл-аймақтан қатысқан 30 мың оқушының арасынан 4 кезеңнен іріктеліп, емтиханнан сүрінбей өткен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар оқушылар Бурабайдағы «IQanat High School» мектебініне оқуға тегін жолдама алған.
Олардың СДУ-ға келудегі мақсаты – оқытылатын мамандықтар жайлы, болашақта оқуға түсу жолдары мен білімгерлерге жасалған барлық жағдаймен танысу еді. Университет өкілімен бірге ғимаратты аралап, әр факультетке кіріп жеке-жеке сұрақтарын қойып, толықтай танысып шықты.
Сүлейман Демирель атындағы Университет «IQanat білім беру қоры» жас таланттардың тәлімгерлеріне жұмсаған еңбегі, өз тәрбиеленушілеріне деген үлкен сенімі мен олардың толыққанды азамат болып қалыптасуына қолдау көрсетіп жатқаны үшін алғыс білдіреді.