ҰБТ-дан 140 балл жинаған Данияр Уәлиевке СДУ оқу грантын ұсынды

ҰБТ-дан 140 балл жинаған Данияр Уәлиевке СДУ оқу грантын ұсынды

Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуден алғашқы болып 140 балл жинаған оқушы Данияр Уәлиевке Сулейман Демирель атындағы Университеттің 100 % оқу гранты мен ректорлық шәкіртақы ұсынылды. Оқу грантын растайтын сертификатты «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте мырза табыстады.
Павлодарлық Данияр Уалиев «Білім-Инновация» лицейінің алтын белгіге үміткер түлегі және жүзуден бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы. Данияр отандық телеарналардың біріне берген сұхатында өзінің инженер мамандығын игергісі келетінін және болашақта энергетика саласында қызмет етіп, өз ісінің шебері атанғысы келетіндігін жеткізген. Сонымен қатар, отбасы мен Отанының игілігі үшін еңбек етуді жоспарлап отырғанын да айтты.
Айта кетейік, 2018 жылы максималды 140 балл жинаған алматылық Шиара Құдайбергенова да Сулейман Демирель атынағы Университеттің қаржы мамандығы бойынша 3 курс студенті.

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: