2021 жылғы 4 маусымда Сулейман Демирель атындағы Университетпен танысуға Алматы қаласында орналасқан «Galaxy» халықаралық мектебінің 11 сынып оқушылары келді. Жиырма шақты оқушының келудегі мақсаты СДУ-да оқытылатын мамандықтар жайлы, оқуға түсу жолдары мен білімгерлерге жасалған барлық жағдаймен танысу еді. Университет өкілімен бірге ғимаратты аралап, әр факультетке кіріп жеке-жеке сұрақтарын қойып, толықтай танысып шықты. Бір сағат көлемінде өткен кездесу барысында СДУ-дің Академиялық істер және ғылыми зерттеулер жөніндегі проректоры Давронжон Гаиповпен кездесіп, мамандық таңдауда қандай мәселелерге мән беру керек, қандай қателіктерге бой алдырмау керек сынды кеңестер алып қайтты.
Мектеп бітіруші түлектер үшін дәл қазіргі уақытта жоғарғы оқу орны мен мамандық таңдау қиындық туғызуы мүмкін. Біз өз тарапымыздан әрбір оқушыға, яғни СДУ- ға қызығушылық танытқан түлекерге есігіміз әрдайым ашық екенін айтқымыз келеді. Бізге келіп, маманықтармен танысып, ғимаратты аралап көрулеріңізге болады. Тек санитарлық нормаларды сақтасаңыз болғаны.