Жыл сайынғы INFOMATRIX ASIA жобалар байқауы аяқталды

Жыл сайынғы INFOMATRIX ASIA жобалар байқауы аяқталды

19 мамырда мектеп оқушылары арасында өткен INFOMATRIX ASIA халықаралық жобалар байқауының қорытындылары шығарылды. Биылғы жылы байқауға Қазақстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан 69 мектеп оқушылары қатысты. Келесі бағыттар бойынша 45 жоба жасалды: компьютерлік бағдарламалау, компьютерлік шығармашылық және математикалық жобалар. Байқау онлайн режимінде Webex, Hackerrank, Examus платформаларында өтті. Қазақстаннан қатысушылар 33 түрлі мектептен, 12 облыстан және 15 қаладан қатысты.
 
Нәтижесінде, жеңімпаздар үш 100% грант пен Сулейман Демирел атындағы университетте оқу үшін жеңілдіктерге ие болды.
INFOMATRIX ASIA байқауы оқушылардың инженерия саласындағы бастамаларын қолдайтын университеттің ең маңызды жобаларының бірі болып табылады.

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: