• ЖАҢАЛЫҚТАР 03.04.2023-09.04.2023 00:00

SDU Radio

СДУ Жаңалықтары

  • ЖАҢАЛЫҚТАР 03.04.2023-09.04.2023 00:00

Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша пән олимпиадасы

Бүгін СДУ Тілдік білім беру кафедрасы Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасында ХІІІ Республикалық пән олимпиадасын сәтті аяқталды. Үшінші кезең нәтижелері мен жүлдегерлер төменде көрсетілген.  Олимпиадаға қатысқан барлық команда мүшелеріне алғыс айтамыз. Жеңіске жеткен университет ұжымын, студенттерін және жетекшілерін құттықтаймыз.

Олимпиадаға жоғары оқу орындарының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттері қатыса алады. Олимпиаданың басты мақсаты – Қазақстан Республикасы жоғары оқу студенттердің арасында әдеби-тілдік білімін, ғылыми ізденістерін кеңейту болып табылады.
 Олимпиада кезеңдерінің нәтижелері мен жүлдегерлер төменде көрсетілген.  Олимпиадаға қатысқан барлық команда мүшелеріне алғыс айтамыз. Жеңіске жеткен университет ұжымын, студенттерін және жетекшілерін құттықтаймыз.
Бірінші кезең бойынша нәтижелер:
Студенттің аты-жөніЖОО1-кезең. Эссе нәтижелері
1Қожабаева АжарС.Аманжолов атындағы ШҚУ13,2 балл
2Ыбырайым ГүлпадишаЕуразия гуманитарлық институты12,6 балл
3Мұқамет СалимаҚазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті8 балл
4Жунусова Гүльназ ЕрденкызыШ. Уалиханов атындағы Көкшетау университетіПлатформаны жеткілікті пайдалана алмауына байланысты эссе жұмысы комиссия мүшелерінің сараптамасына жетпеді.
5Батаева Аяулым РахметқызыЕ.А. Бөкетов атындағы ҚарУ15,8 балл
6Жунусова Мадина БауржановнаПавлодар педагогикалық университеті14,6 балл
7Жаңабай Зылиха БағланқызыҚорқыт ата атындағы Қызылорда университеті11,8 балл
8Тилеушова Асель ТулендиевнаХалықаралық Тараз инновациялық институты12,8 балл
9Әмәлият АрқалықҚ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті13,6 балл
10Шаймұрат Ақниет АманкелдіқызыІ.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,
Талдықорған
16,8 балл
11Бошан Несібелі БекмұрзақызыМ.Әуезов атындағы ОҚУ12,8 балл
  

Екінші кезең бойынша нәтижелер:

Студенттің аты-жөніЖОО2-кезең. Тест нәтижелеріЖалпы нәтиже
1Ержанова УлжанС.Аманжолов атындағы ШҚУ28 балл30,5 балл
2Бейсенғазықызы Айым33 балл
3Ғазез ДанаЕуразия гуманитарлық институтыТехникалық себептерге байланысты тест жұмысы орындалмаған.11,5 балл
4Сүйінтай Ақниет23 балл
5Даулетова ӘлимаҚазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті20,5 балл20,5 балл
6Мұқамет Сәлима20,5 балл
7Кульжанова Аяулым АскаровнаШ.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті31,5 балл29,75 балл
8Мұратбекқызы Райхан28 балл
9Бәкібай Толғанай ҚуатқызыПавлодар педагогикалық университеті26 балл27,75 балл
10Тузелбаева  Гулмира Турабекқизи29,5 балл
11Алданазарова Аружан ҚойшыбайқызыҚорқыт ата атындағы Қызылорда университеті26 балл13 балл
12Сабырбай Ақзер ЖанатқызыТехникалық себептерге байланысты тест жұмысы орындалмаған.
13Жаңабаева Құралай ҒайниқызыХалықаралық Тараз инновациялық институты16 балл19 балл
14Көшекбаева Ақбота Талғатқызы22 балл
15Тлеуова Жаннур АзаматовнаЕ.А.Бөкетов атындағы ҚарУ38 балл30,75 балл
16Ермахан Гүлім Еркінқызы23,5 балл
17Болат ӘлимаҚ.А.Яссауи атындағы Хлықаралық қазақ-түрік университеті25 балл25,75 балл
18Марипова Малика Шухратқызы26,5 балл
19Арызбаева Ақнур ҚайырбекқызыІ.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,
Талдықорған
29 балл28,75 балл
20Болат Самал Талғатқызы28,5 балл
21Режепова Аякөз АсқарқызыМ.Әуезов атындағы ОҚУ20,5 балл18,5 балл
22Бекжанқызы Арайлым16,5 балл

Үшінші кезең. Ғылыми жоба нәтижелері

 

ЖОО атауы

Жинаған балл

1

С.Аманжолов атындағы ШҚУ

25,6

2

Еуразия гуманитарлық институты

23,8

3

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті

0

4

Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау университеті

20,8

5

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ

21,8

6

Павлодар педагогикалық университеті

28,4

7

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

20,4

8

Халықаралық Тараз инновациялық институты

19,2

9

Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

21,4

10

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,
Талдықорған

24,6

11

М.Әуезов атындағы ОҚУ

19,4

 Қорытынды нәтижелер 

Орын

Марапатталушы ЖОО

1-орын

Павлодар педагогикалық университеті.

Павлодар қ.

Бәкібай Толғанай Қуатқызы

Жунусова Мадина Бауржанқызы

Жетекшісі: Шақаман Ырыскүл Бектемірқызы

2-орын

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,

Алматы обл. Талдықорған қ.

Арызбаева Ақнұр Қайырбекқызы

Болат Самал Талғатқызы

Шаймұрат Ақниет Аманкелдіқызы

Жетекшісі: Джакыпбекова Мамиля Тургамбаевна

2-орын

С.Аманжолов атындағы ШҚУ

ШҚО.

Ержан Ұлжан

Қожабаева Ажар

Бейсенғазықызы Айым

Жетекшісі: Барбосынова Қарлығаш Туркестановна

3-орын

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ

Қарағанды қ.

Батаева Аяулым

Ермахан Гүлім

Тлеуова Жаннур

Жетекшісі: Толеубаева Камшат Аманбаевна

3-орын

Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Түркістан қ.

Әмәлиат Арқалық

Болат Алима Үсенқызы

Марипова Малика Шухратқызы

Жетекшісі: Адиева Пакизат Минаваровна

3-орын

Халықаралық Тараз инновациялық институты

Тараз қ.

Тилеушова Асель Тулендиевна

Көшекбаева Ақбота Талғатқызы

Жаңабаева Құралай Ғаниқызы

Жетекшісі: Пертаева Эльмира Қулибаевна

                   Саржаев Олжас Тілебалдыұлы

Реквизиты

ISPT Registration

SDU

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Open chat
Skip to content

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: