СДУ қызметкерлері жаппай вакцинациядан өтуде

СДУ қызметкерлері жаппай вакцинациядан өтуде

Бүгін халықты Covid-19-дан жаппай вакцинациялау аясында Сулеймен Демирель атындағы университеттің медициналық пунктінің базасында әкімшілікке, қызметкерлерге және профессорлық-оқытушылық құрамға екпе жұмыстары жүргізілуде. Іс-шара оқу орнының ШЖҚ “Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасы”МКК-мен серіктестігі аясында өтіп жатыр. Медицина қызметкерлерінің жылжымалы бригадасын СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев қарсы алды. Университет басшысы “Спутник-V”вакцинасын бірінші болып алды.

– Ірі оқу орнының басшысы, дәрігер және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сарапшы ретінде өз тарапымнан вакцинациялауды азаматтық парызым деп есептеймін. Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар жіберіледі және бұл ерікті іс-шара болып табылады. Қазіргі жағдайға байланысты тек ел азаматтарын вакцинациялау және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру Covid-19 індетін жеңуге мүмкіндік береді деп сенемін. Мықты иммунитетке ие бола отырып, біз ауруды жеңіп, үйреншікті өмірге орала аламыз, – деп атап өтті СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев.


Айта кеткен жөн, екпе жасаудан  бұрын дәрігерлер әр қызметкердің міндетті түрде денсаулық ақаулары бойынша  тексеру жүргізеді, екпе алушының дене температурасын, сатурацияны, тамыр соғысын, артериялық қысымын өлшейді, тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесін тексеру кешені жүргізіледі. Сонымен қатар, дәрігерлер қызметкерлерге қысқа мерзімді жанама әсерлер мен препараттың ағзаға ықпалы туралы кеңес береді және алдын ала ескертеді.


– Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы өңірде жаппай вакцинация жүргізудің бас операторы болып табылады. 550 вакцина мөлшеріндегі бірінші дозаны өңірдің медицина қызметкерлері алды, одан кейін жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері 800 вакцина алды, вакцинацияның үшінші кезеңіне 1000 доза кіреді, оның шеңберінде Қарасай АІІБ-мен қатар бір мезгілде СДУ-дың 60-қа жуық қызметкері вакцинаны қабылдайды. Дәрігерлер жұмысында отандық вакцина қолданылады, 2021 жылдың ақпанынан бастап қазіргі уақытқа дейін екпе алушылар арасында күрделі жанама әсерлер байқалмады. Жүргізіліп жатқан профилактикалық іс – шаралардың арқасында ғана біз вирусқа қарсы тұра алатынымызды атап өтемін, – деген пікірде Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі менеджері Дана Таждинова.

Реквизиты

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: