«Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы цифрлық трансформация» атты семинар өтеді

«Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы цифрлық трансформация» атты семинар өтеді

 29 наурыз – 2 сәуір аралығында Сулейман Демирель атындағы университеттің «Педагогика және гуманитарлық ғылымдар» факультеті, «Тілдік білім беру» кафедрасымен бірлесіп, «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы цифрлық трансформация» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізеді.

Семинардың негізгі мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда цифрлық технологияларды кешенді қолдану, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, латын негізді қазақ әліпбиіне қатысты әдістемелік нұсқаулықтар ұсыну.

Семинарға ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Әнуар Ахметжанов, СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев және факультеттің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысады.

              

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: