ALLVET жобасы аясында онлайн кездесулер өтті

ALLVET жобасы аясында онлайн кездесулер өтті

        2021 жылы 15 ақпанда ALLVET жобасының ұлттық координаторы Нархоз университетінің қызметкері Ғайни Мұханованың бастамасымен, Дон Мемлекеттік Техникалық университетінің халықаралық жобаларының жетекшілері Наталья Гаспарян мен Эвелина Беднякова жобаның диссеминация пакетінің жауапты мүшелері үшін онлайн-кездесу өткізді. Қазақстанда ALLVET жобасының диссеминация пакетінің жауапты мүшелері Салтанат Кәрімсаттар(СДУ), Ботагоз Шакербаева (Нархоз), Айгүл Ниязгулова (ХАТУ) жобаның нәтижелерін тарату бойынша сұрақтар қойды. Онлайн кездесудің тыңдаушылары сұрақтарына толық жауаптар алды.

         
         2021 жылы 10 наурызда ALLVET жобасы бойынша жобаның барлық жауапты тұлғалардың жиналысы өтті. Кездесу онлайн режимінде өтті. Жиналыста жобаның Қазақстаннан тағайындалған мүшелері жобаның бірінші жылының нәтижелерімен бөлісті. Жиналыста қаржылық есеп, диссеминация стратегиясы, сапа бақылау стратегиясы, жабдық сатып алу туралы бойынша қорытындылар шығарылды, сондай-ақ 2021 жылға арналған жоба жоспарындағы мүмкін болатын өзгерістер қарастырылды. Кездесуді Нархоз университетінен жобаның ұлттық координаторы Ғайни Мұханова жүргізді. СДУ-дан жоба тобы мүшелері Әділжан Анай, Нұрметов Дияр және Салтанат Кәрімсаттар жобадағы міндеттері туралы есеп берді.                       

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: