СДУ оқытушылары қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ие болды

СДУ оқытушылары қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ие болды

Сулейман Демирель атындағы университеттің Пәнаралық білім беру орталығының оқытушылары – Райхан Абнасырова мен Айсұлу Нұржанова «Тіл білімі» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ие болды.
Айта кеткен жөн, оқытушылар «Ғылыми атақ беру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2021 жылғы 1 наурыздағы № 165 бұйрығы бойынша ғылыми аттестатқа ие болды. Бірнеше жылдар бойы білім ордасының қабырғасында терең кәсіби білімі арқылы, ғылым және ғылыми-педагогтік қызметте жетістіктерге қол жеткізіп, табанды еңбегінің арқасында университіміздің ғылыми бағытын дамытуда зор үлес қосуда.
СДУ еңбек ұжымы қауымдастырылған профессорлар – Райхан Абнасырова мен Айсұлу Нұржанованы үлкен жетістіктерімен құттықтап, алдағы уақытта еңбекте толағай табыс және кәсіби тұрғыда биік белестерді бағындыруды тілейді.

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: