СДУ базасында денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды

СДУ базасында денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды

       Сулейман Демирель атындағы университет ректоры Қуаныш Ерғалиевтың бастамасымен оқу орнының базасында Денсаулық, саясат және менеджмент орталығы ашылды. Орталықтың жұмысы денсаулық сақтау саласындағы жүйелі мәселелерді кешенді шешуге бағытталған.
  -Covid-19 жаһандық пандемиясы біздің бір-бірімізбен қалай жұмыс істейтінімізді және өзара әрекеттесетінімізді өзгертті. Әлемдік көшбасшылар мен саясаткерлер қоғамдық денсаулық сақтаудың маңыздылығын және оның қоғам өмірінің барлық салаларына, соның ішінде бизнес, экономика, білім, туризм және т.б. аспектілерге тигізетін әсерін түсіне бастады. 

Бұдан былай барлық компаниялар мен кәсіпорындар үшін денсаулық сақтау саласында тиісті тәжірибе мен білімнің жеткілікті болуы, сондай-ақ қызметкерлердің, тұтынушылардың және жалпы азаматтардың денсаулығын қорғаудың инновациялық әдістерін және алдын-алу стратегияларын жасай алатын денсаулық сақтау және гигиена саласындағы тәжірибесі бар мамандарды жалдау өте маңызды болып табылады. Осы маңызды міндетті шешу үшін біз SDU денсаулық, саясат және басқару орталығын іске қосамыз, – деп мәлімдеді университет басшысы орталықтың салтанатты ашылуында.              
    Қуаныш Ерғалиевтың пікірінше, орталықтың алдында қазақстандық денсаулық сақтау секторының басқарушыларына білім деңгейін арттыруға және ғылыми-сараптамалық шешімдер ұсынуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру бойынша ауқымды міндет тұр. Орталықтың жұмысына ғылыми қайраткерлер, сарапшылар, медициналық мекемелердің топ менеджерлері, сондай-ақ көп жылдық тәжірибесі бар кәсіби дәрігерлер тартылған. Орталық үш бағытта жұмыс істейді: оқыту және тренингтер, ғылыми зерттеулер жүргізу және қоғамдық денсаулық сақтау мен халыққа медициналық көмек көрсету саласында инновациялар мен технологияларды нығайтуға әрі ілгерілетуге бағытталған кеңес көрсету қызметтері.
– Біздің орталықтың есігі еліміздің денсаулығы мен қауіпсіздігіне бей-жай қарамайтын барлық азаматтар үшін ашық екенін атап өткім келеді. Біз бейінді ведомстволардың, барлық саланың орталық мемлекеттік органдарының өкілдерімен, кәсіпкерлермен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, БАҚ және басқа да мүдделі тұлғалармен стратегиялық серіктестікке ашықпыз, – деп атап өтті Қуаныш Ерғалиев.   Естеріңізге сала кетейік, Гарвардтық Т. Х. Чан атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің тарихында Қазақстанның атынан аталмыш мектепте білім алып  және қоғамдық денсаулық сақтау докторы дәрежесін қорғаған жалғыз студент болып табылады. “Болашақ” президенттік стипендиясының иегері, бірқатар ғылыми жұмыстардың авторы және АҚШ-тың Бостон қаласында қазақ диаспорасының мәдени орталығын құрған қоғам қайраткері

 

Реквизиты

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: