СДУ ішкі зерттеу гранттарына байқау жариялайды

СДУ ішкі зерттеу гранттарына байқау жариялайды

   Сулейман Демирель атындағы Университеті 2020 – 2021 оқу жылдарына арналған ішкі зерттеу гранттары бойынша ұсыныстарды қабылдау басталғаны туралы хабарлайды. Келесі бөлімдерде жоба туралы толық ақпарат берілген.

 Шолу

СДУ ішкі зерттеу грант бағдарламасы фундаменталды және қолданбалы зерттеулерге бағытталған және университеттің ішкі зерттеушілеріне қол жетімді[1] (оның ішінде студенттер мен магистранттар топ мүшелері ретінде). 2020-2021 оқу жылына барлығы 5 ғылыми грант қарастырылған, әр гранттың бюджеті 1 миллион теңгеден аспауы шарты. Әрбір ғылыми жобаның ұзақтығы 12 айға дейін болуы керек. Бағдарлама Ғылым департаментінің ұйымдастыруымен, университеттің Ғылыми-техникалық кеңесінің қарамағындағы конкурстық бағалау процесі арқылы жүргізіледі.

Кім қатыса алады

Аталмыш гранттық бағдарламаға барлық пәндердің толық штаттағы оқытушылары мен штаттық қызметкерлері тапсыра алады. Жобаға «жас маман»-дарды қосу ұсынылады себебі бұл жобаның қабылдану мүмкіндігін арттырады. Сыртқы (жергілікті немесе халықаралық) серіктестерді[2] жобаға қосу ұсынылады және бұл да жобаның қабылдану мүмкіндігін жоғарылатады.

– Жобаның Бас Зерттеушісі (Principal Investigator, PI) PhD докторы (Ғылым докторы / ғылым кандидаты) немесе Докторант болуы керек, және оның Scopus (> 35 проценттік Citescore) / WoS (> 0 Импакт-фактор) базаларында индекстелетін журналдарда кем дегенде бір жарияланымы болуы керек.

– PI және басқа да жоба мүшелері 40 жастан төмен болуы керек немесе PhD қорғағанына 5 жылдан аспаған болуы қажет.

– Ұсынылатын зерттеу тақырыптары тиісті факультеттердің жалпы зерттеу басымдықтарына сәйкес келуі тиіс.

Өтініш беру тәртібі

Ішкі грант үміткерлері: (1) өздерінің жаңартылған түйіндемелерін; (2) зерттеу ұсынысын (research proposal); (3) зерттеу тобы мүшелері туралы ақпарат (кесте 1); (4) бюджет (кесте 2); және (5) бюджетті негіздеу формасын тапсыруы қажет.

  1. Зерттеу ұсынысы келесі элементтерді қамтуы шарт:
  • Жобаның жалпы қысқаша мазмұны
  • Ұсынылып отырған зерттеудің негіздемесі мен өзектілігін, негізгі іс-шараларды, негізгі әдіснаманы, күтілетін нәтижелерді және зерттеудің кеңірек ықпалын қамтитын қысқаша ақпарат беріңіз.
  • Бастапқы ақпарат
  • Ұсыныстың негізіндегі зерттеу тақырыбы туралы қысқаша жалпы ақпарат беретін абзацтан бастауға кеңес беріледі.
  • Мұнан кейін біршама нақтырақ және сіздің нақты ұсынысыңыз үшін контекст ұсынуға көмектесетін бір-екі абзац жазсаңыз болады.
  • Ұсынылған зерттеу жоспары
  • Зерттеуге арналған нақты және реалистік мақсаттарды, міндеттерді немесе гипотезаларды ұсыныңыз.
  • Зерттеу әдістемесіне сипаттама беріңіз.
  • Соңында, күтілетін зерттеу нәтижелерін және олардың кеңірек зерттеу бағдарламаңызға / жоспарларыңызға қаншалықты сәйкес келетіндігін қорытындылаңыз.
  • Күтілетін маңыздылық / нәтижелердің әсері
  • Журналдардағы жарияланымдар, кітаптар және/немесе халықаралық/ұлттық/аймақтық конференциялардағы баяндамалар сияқты нәтижелеріңізбен қалай бөлісетініңізді сипаттаңыз.
  • Көрсетілген журналдардың және / немесе конференциялардың маңыздылығын көрсетіңіз.
  • Осы гранттың сіздің ғылыми зерттеулеріңізге және мансаптық өсуіңізге күтілетін әсерін талқылаңыз.
  • Егер сізде қазіргі уақытта сыртқы қаржыландыру болмаса, басқа қаржыландыру көздерін, оның ішінде ұсынылған және қазіргі таңда қарастырылып жатқан ұсыныстарды алу стратегиясын сипаттаңыз.
  • Егер сізде басқа қаржыландыру көздері болса, осы ұсыныс пен қолданыстағы қаржыландырумен байланысты мақсаттар мен іс-шаралар арасындағы байланысты сипаттаңыз.
  • Сілтемелер (тек ең маңызды сілтемелерді қосыңыз)
  • Бұл қосымша кең библиографияны қажет етпейді. Егер өтінімге қатысты болса, соңғы және маңызды басылымдарға, оның ішінде өзіңіздің жұмыстарыңызға (жарияланымдар, конференция материалдары және т.б.) сілтеме жасаңыз.

 

  1. Бюджет[3]. Қысқаша бюджеттік кестені дайындаңыз және оны мүмкіндігінше толықтырып жазыңыз. Толық емес немесе лимиттен асып кеткен бюджеті бар ұсыныстарары қарай қарастырылмай-ақ қабылданбауы  мүмкін.
  1. Рұқсат етілген шығындарға студент көмекшілердің жалақысы (соның ішінде жас мамандар); сыртқы серіктестермен кеңесу немесе зерттеулерге қолдау көрсету үшін ішкі іс-сапар шығындары; деректерді жинау шығындары және конференцияға қатысу ақысы кіреді.
  2. Рұқсат етілмейтін шығындарға мұғалімдердің жалақысы, компьютерлер, планшеттер және басқа есептеу техникаларын сатып алу кіреді, негізді жағдайларды қоспағанда. Бағдарламалық жасақтама (software), егер ол негізделген және өтінімде сипатталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тікелей байланысты болса, мақұлдануы мүмкін.
  1. Бюджеттің негіздемесі. Бюджет негіздемесінде әр бюджеттік сызықтың мақсаты мен негіздемесінің сипаттамасы болуы керек.

[1] 2021-2022 оқу жылынан бастап тек T + R позициялары үшін болып жалғасады.

[2] Сыртқы серіктестерде ұсынылған зерттеу тақырыбына қатысты тәжірибе мен білімі болуы керек.

[3] Ішкі қаржыландыруға байланысты барлық төлемдер DMS порталы арқылы өтуі керек.

Өтініштерді қарау процесі

  1. Факультеттердегі ғылыми координаторлардың қолдауымен Ғылым бөлімінің қызметкерлері ұсынылған өтінімдерді талаптарға және қолдану нұсқауларына сәйкестігін қарастырады.
  2. Талаптарға сәйкес келетін өтінімдер ғылыми-техникалық кеңестің қарауына жіберіледі. Ғылыми-техникалық кеңестің барлық мүшелері әрбір жобаға, бағалау торына сәйкес (appendix 1), баға берулері керек. Әр жобаның қорытынды бағасы Ғылыми-техникалық кеңес мүшелері ұсынған бағалардың орташа бағасы ретінде есептелінеді.
  3. Ғылыми-техникалық кеңес өз ұсыныстарын Ғылыми кеңеске жібереді және Ғылыми Кеңес соңғы шешімді шығарады.

 

Грант алушылардың міндеттері

Барлық ішкі грант иеленушілер грант кезеңі аяқталғаннан кейін екі ай ішінде Қорытынды есеп үлгісін негізге алып, екі беттен тұратын есепті Ғылым департаментіне тапсыруы қажет.

Грант иеленушілер өз жобаларының нәтижелерін келесі жолдар арқылы бөлісуді жоспарлауы керек:

  • рецензияланған басылым (Scopus[1] (> 35 проценттік Citescore) немесе KKSON журналдары немесе SDU бюллетені); немесе
  • халықаралық конференциялардағы баяндамалар;

Грант иеленушілер потенциалды сыртқы қаржыландыру өтінімдеріне, ішкі гранттық өтінімді негізге ала отырып тапсыруды жоспарлауы керек.

Қажетті құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 24.03.2021

Барлық қажетті құжаттарды жоғарыда көрсетілген мерзімге дейін science@sdu.edu.kz электронды почтасына жіберуіңізді сұраймыз!!!

[1] Scopus басылымы ұзақ уақытты алатындықтан, ішкі гранттық қаржыландыру аяқталғанға дейін жұмыстың алғашқы нұсқасы және құжат тапсырылатын журналдың атауының болуы жеткілікті.

1-2 Кестені  жүктеу – Ұсынылған жобаға арналған зерттеу тобының құрамы

Қорытынды есеп үлгісін жүктеу

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: