Жылдың үздік студенттері СДУ ректорына алғысын білдірді

Жылдың үздік студенттері СДУ ректорына алғысын білдірді

СДУ студенттері  толағай табыстарымен әрдайым алдыңғы қатарда көрініп, білім ордасының атын асқақтатып, қуантуда. Жақында «Құқық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің 3- курс студенті Каюпова Әйгерім ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауындағы жастардың жетістіктерін насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның үздік студенті-2020» байқауына қатысып, арнайы төсбелгі мен І-ші дәрежелі халықаралық дипломымен марапатталды.

Сонымен қатар байқау ұйымдастырушылары СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиевты үздік студенттерді қолдап, республикалық байқаудың жоғары деңгейде өтуіне  қолдау көрсеткені үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Арнайы алғыс хатты Әйгерім Каюпова СДУ ректоры Қуаныш Ерғаиевқа өз қолымен табыстады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын аталмыш байқауға СДУ «Педагогика және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің студенті Елмұрат Ораз да қатысып,«Қазақстанның үздік студенті-2020» марапатына ие болған.

Сулейман Демирель атындағы универстеттің ұжымы талантты студенттерімізді үлкен марапатымен құттықтап, мол шығармашылық табыс, оқуда биік белестерді бағындырып, зор жетістіктерге қол жеткізуді тілейді. 

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: