Елмұрат Ораз – Қазақстанның үздік студенті атанды

Елмұрат Ораз – Қазақстанның үздік студенті атанды

          СДУ «Педагогика және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің студенті Елмұрат Ораз ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауындағы жастардың жетістіктерін насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның үздік студенті-2020» жобасына қатысып, 1-ші дәрежелі диплом мен төсбелгіге ие болды.
      Айта кеткен жөн, байқау «Вilim-orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізілген.
      2020 жылдың қаңтар айында Елмұрат Ораз байқауға қатысу үшін іріктеу кезеңінен өтіп, үздік қатысушар қатарына қосылған. Байқаудың салтанатты рәсімі өткен жылдың мамыр айында  Нұр-сұлтан қаласында өткізілуге жоспарланған болатын. Алайда пандемиядағы жағдайға байланысты бұқаралық іс-шара тоқтатылған. Осыған орай жоба ұйымдастыршылары Елмұрат Оразды жеке марапаттап диплом мен төсбелгі ұсынған. Сонымен қатар  студенттің  өмірбаяны мен жеткен жетістігі «Қазақстанның үздік студенті-2020» жобасының «Жас Қыран» талантты жастардың IV- Республикалық жинағында жарық көрді.
       Сулейман Демирель атындағы универстеттің ұжымы талантты студентімізді үлкен марапатымен құттықтап, мол шығармашылық табыс, оқуда биік белестерді бағындырып, зор жетістіктерге қол жеткізуге тілек білдіреді.  

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: