ҚР БҒМ тапсырысы бойынша “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Қазақстандық үздік жоғары оқу орындарының рейтингін жасады. Зерттеуге ІІМ, ҰҚК және қорғаныс министрлігінен басқа еліміздің барлық жоғары оқу орындары қатысты. Ұлттық палата сарапшылары хабарлағандай, зерттеу аясында екі мың білім беру бағдарламасы қамтылды, 68 мың түлектің жұмысқа орналасуына талдау жасалды, барлық өңірлерден 600-ден астам салалық сарапшылар тартылды. Жоғары оқу орындарының рейтингін жасау кезінде мынадай негізгі критерийлер ескерілді:
- түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері мен мансаптық болашағы;
- орташа айлық
- білім беру бағдарламаларының сапасы;
- білім алушылардың жетістіктері;
- халықаралық байланыстар.