Сулейман Демирель атындағы университеттің әкімшілігі өз мәресіне жеткен 2020 жылды қорытындылады. Іс-шара аясында университет басшылығы академиялық және әкімшілік қызметті дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін университеттің үздік қызметкерлерін марапаттады. Марапат иегерлерінің арасында-профессор-оқытушылар құрамының өкілдері және түрлі құрылымдық бөлімшелердің әкімшілік қызметкерлері бар. Қызметкерлерді марапаттаудың салтанатты рәсіміне СДУ президенті Мейірбек Мәжитов, СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев және әкімшілік істер жөніндегі проректор Али Кочак қатысты. Оқу орнының басшылары қызметкерлерге алғыстарын білдіріп, барлық бастамаларына кәсіби табыстар тіледі.



Previous
Next