СДУ және С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ: серіктестіктің жаңа перспективалары

СДУ және С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ: серіктестіктің жаңа перспективалары

       Бүгін тәжірибе алмасу мақсатында  С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин және оқу орнының стратегиялық және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Убайдилла Датхаев СДУ кампусына келіп, білім ордасының ұжмымен жүздесті. СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев ҚазҰМУ делегациясын қарсы алып, қонақтарды университеттің материалдық-техникалық базасымен таныстырды. Іскерлік сапар аясында универстеттің инновациялық IT-зертханалары, ғылыми кітапхана, Медиа зертхана және оқу орнының басқа да маңызды нысандары  көрсетілді.
     Тараптар университеттер арасындағы  алдағы әрі стратегиялық әріптестікке қатысты өзекті мәселелер шеңберін талқылады, сондай-ақ осы күрделі кезеңде ортақ күш-жігерді біріктіріп, ынтымақтастықты арттырудың маңыздылығын атап өтті. ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин университеттің академиялық қызметіне жоғары баға беріп, университет басшылығы мен еңбек ұжымына еліміздің ғылым мен білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, Талғат Нұрғожин Қуаныш Ерғалиевке ҚазҰМУ түлектері қауымдастығының құрметті мүшесі төсбелгісін табыстады. Жақын арада тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті.

Реквизиты

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: