СДУ –да Халықаралық ICBCB конференциясы өз жұмысын бастады

СДУ –да Халықаралық ICBCB конференциясы өз жұмысын бастады

       Қыркүйектің 24-25 аралығында Сулейман Демирел университетінің ұйымдастыруымен “Мәдени көпірлер салу жөніндегі 9-шы халықаралық конференциясы” (ICBCB) өз жұмысын бастады.
Конференция озық технологияның тез дамыған жаһандану үдерісінде әртүрлі мәдениеттердің өкілдерінің арасындағы үйлесімді қарым-қатынас және өзара құндылықтарына төзімділік пен құрмет көретуді дәріптейді. Іс-шара аясында Гонконг, Қырғызстан, Пәкістан, Португалия, Сауд Арабиясы, Швеция, Ұлыбритания және АҚШ мемлекеттерінен білім саласының белді сарапшылары білім берудегі жаһандық трендер және құндылықтар бағытындағы ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісіп, заман ағымының салдарынан туындаған өзекті мәселелерді ортаға салады. Негізгі мақсат – отандық және халықаралық ғалымдармен ғылыми және кәсіби байланыс орнатып, білім саласындағы жаңа сын-қатерлерге оңтайлы шешім табу. Онлайн конференцияның ашылуында дүние жүзілік ғалымдар қауымдастығының өкілдеріне СДУ ректоры Қуаныш Ерғалиев қошемет көрсетіп, еңбектеріне жеміс тіледі.
     –  Конференцияның аясында қашықтықтан білім беруге қатысты, пандемия кезінде білім беру ерекшеліктері бойынша маңызды баяндамалар тыңдалады. Нәтижесінде қазіргі таңда туындап тұрған сын қатерлі жаһандық мәселерге оңтайлы шешімдер табылып, олар тәжірибе жүзінде қолданысқа алынуы мүмкін, – деген болжам білдірді СДУ академиялық істер және ғылыми зерттеулер жөніндегі проректоры Давронжон Гаипов.
        Жалпы конференцияның бағыты жаһандану дәуірінде жаһандық трендтер және білім берудегі құндылықтар тақырыбы болғандықтан, көбінесе осы саладағы кәсіи орта: ғалымдар, педагог мамандар, зерттеушілер және білім саласындағы индустрия өкілдері де бар. Айта кетсек, қазақстандық «Ұстаз» кәсіби шеберлікті жетілдіру орталығының жетекшісі, Халықаралық Гонконг педагогикалық Университетінен қашықтықтан білім беру немесе ақпараттық комуникация технологиялар саласының сарапшысы пленарлық баяндамашы ретінде қатысады.
Сарапшылар бірқатар өзекті мәселелерді қамтуда, оның ішінде: «Білім беру бағдарламалары және педагогика», «Білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер», «Құндылыққа негізделген білім беру», «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану», «Тілдік білім беру», «Білім берудегі көшбасшылық», математика, инженерия, өнер және Қазақстанда аталып жатқан «Әл-Фараби мен Абай мұралары әлемдік руханият кеңістігінде» бағыттары бойынша ойларын ортаға салады.
    – Әуел баста конференцияны СДУ кампусында өткізу жоспарланған болатын. Алайда пандемияға байланысты іс-шара онлайн өткізілуге мәжбүр болды. Осыған байланысты коллоборация мен нетворк жеткілксіз болуы мүмкін, бірақ соған қарамастан, 9 мемлекеттің ғалымдары бір платформада өз ой-пікірлерімен бөлісу, талқылау арқылы бір-бірімен танысу және әр түрлі деңгейде ғылыми жобаларға қатысу, ұсыныстар секілді ортақ ынтымақтастықтар жасай алады, – деген сенімде Давронжон Гаипов.
Конференцияның толық нұсқасы Сулейман Демирел университетінің ютуб арнасында тікелей эфирде келесі сілтеме арқылы шығарылады: https://www.youtube.com/channel/UCAfCFHbt7ooyttq75uC0FuA .

Реквизиты

«Болашақ» халықаралық стипендиясының екі дүркін иегері. 2011 жылы Англияның Newcastle университетінің магистратурасын Халықаралық мультимедиалық журналистика мамандығы бойынша бітірген. Ал 2021 жылдың наурыз айында Шотландияның Glasgow университетінде үш жылдан астам уақыт бойы жазған докторлық диссертациясын мерзімінен бұрын сәтті қорғап шықты. 1 айдан кейін оған Медиа және мәдени саясат мамандығы бойынша ресми түрде Философия докторы ғылыми атағы берілді. Dr Әсел негізі 1451 жылы қаланған университеттің Мәдени саясатты зерттеу орталығында (Centre for Cultural Policy Research) қызмет еткен. Аты әлемге әйгілі, nationalism ұғымының Ұлыбританияда негізін қалаушылардың бірі Эрнест Геллнерден тәлім алған Филип Слесинджердің шәкірті. Сондай-ақ, ол  магистратура студенттеріне Зерттеу әдістері (Research Methods) пәнінен дәріс оқып, Қазақстаннан тұңғыш рет PhD дәрежесін иеленген маман атанады. 

Докторлық диссертациясы, «Қазақ киносы және ұлт: сыни талдау» тақырыбы, ұлт құрылысы (nation building)  тәсілімдемесі арқылы зерттелген (Kazakh cinema and the nation: a critical analysis – Enlighten: Theses (gla.ac.uk)). Ғылыми еңбекте ол қазақ киносына британ әлеуметтанушы Энтони Смиттің энтосимволизм концепциясы бойынша талдау жасап, қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына атажұрттық фильмдердің әсері қаншалықты деген сұраққа жан-жақты жауап беруге ұмтылады. 

Диссертацияның жаңалығы – бұл отандық Еуразия Халықаралық  кинофестивалін академиялық тұрғыдан алғаш рет зерттеп, ғылымның фильм фестивальдері (film festival studies) атты жаңа саласына EurIFF ұғымын тұңғыш рет енгізді (бұл турасында ағылшын тілді ғылымда бір де бір диссертацияны айтағанның өзінде,  ғылыми орта назар аударарлық мақала да жоқтың қасы). Сонымен қатар, осы саланы зерттеп жүрген әлем зерттеушілеріне қазақ киносын, Қазақстанның халықаралық фестивалін ғылыми еңбегі арқылы танымалдандырды. 

Бұған дейін Әсел Қамза «Хабар» арнасында 2006-2010 жж. аралығында  «Азамат» жастар бағдарламасының редакторы, кейіннен продюсері, «Біз айтсақ…» ток-шоуының шеф-редакторы, қазақ және орыс тілінде хабар таратқан «Бизнес мекен» таңғы бағдарламасының сценарисі қызметін атқарып, ондаған тікелей эфирлерде жұмыс жасап, практик-журналист ретінде тәжірибесін толықтырды. Оның ішінде 2008-2009 жылдары «Қазақстанда жасалған» атты отандық өндірушілерді қолдау мақсатында ашылған тележобаның сценарист-редакторы әрі жүргізушісі болып жұмыс істеген. 2011-2014 жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ішкі протокол және бұқарамен байланыс департаментінде маман деңгейінен бастап, жарнама бөлімінің бастығы позициясына дейін көтеріліп, 160 000-нан астам қызметкері бар  ұлттық компанияның  PR стратегиясын дамытып, үйлестіруге үлес қосқан. 

Сулейман Демирель Университетінде бакалавриат және магистратура шәкірттеріне қазақ және ағылшын тілдерінде Масс коммуникация теориясы, Зерттеу әдістері, Масс коммуникациядағы зерттеу әдістері, Медиа Социология және Бейне композиция пәндерінен сабақ береді. Ұлыбританияда 5 жылға жуық уақыт ішінде жинаған бүкіл өнегесі мен бар тәжірибесін күнделікті дәрісінде пайдалануға тырысады. Студенттеріне сыни ойлауға, сындарлы пікір білдіруге жөн сілтейді. Ғылыми жұмыс жазған кезде, кеңестік кезден келе жатқан дәстүрлі жүйе бойынша, тек ғылыми жетекшінің жөн-жобасын ғана басшылыққа алуды ғана үйретпей, шын мәнінде бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуға, өз бетінше, еркін және тәуелсіз жұмыс істеуге дағдыландырады. 

Мақалалары отандық ғылыми журналдарда жарық көрген. Қазіргі таңда толерантты журналистика, автобиографиялық фильмдерге қатысты зерттеу жұмыстарымен айналысады. 

Өмірлік ұстанымы – талап, сапа, нәтиже!

Open chat

Spelling error report

The following text will be sent to our editors: